Accessibility links

Алматыда Балалар Интернет-орталығы ашылды

  • Алма СЕРİКҚАЛИ

Алматыда алғаш рет ашылып отырған Балалар Интернет-Орталығы, Алматы қаласындағы 170 орта білім беретін мектептердегі мұғалімдер мен оқушыларға және әлеуметтік тұрмысы нашар отбасының балаларына тегін қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ, орталықта компьютерлік курстартар жұмыс жасайтын болады.

16 қыркүйекте Республикалық оқушылар сарайында Алматы қалалық Білім, ғылым және мәдениет Комитеті мен «Кока-Кола» кәсіпорынының қолдау көрсетуімен Алматыда алғаш рет Балалар Интернет-Орталығы ашылды. Орталық 1997 жылы қабылданған «Орта білім жүйесін ақпараттандыру» жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама негізінде құрылып отыр. Оралықта тегін қызмет көрсетілетін болады. Интернет жүйесіндегі шығынды «Кока-Кола» кәсіпорыны өз мойнына алып отыр. Сондай-ақ, мұнда арнайы курстар өткізіледі. Онда ақпаратты алу мен электрондық почта қызметін қолдану, әлемдік желістерге шығу және тағы басқа интернет жүйесімен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері үйретіледі. Сондай-ақ, орталық Алматы қаласындағы 170 орта білім беретін мектеп мұғалімдері мен оқушыларға тегін қызмет көрсетеді. Интернеттің электронды желісі орта білім жүйесіне негізделген. Мұнда әр оқушы өзіне қажет еткен пәні бойынша ақпарат алуға барлық мүмкіншілік жасалған. Орталық 26 жұмыс орны мен қамтылған. Аталмыш Орталықтың директоры Александр Никульшиннің айтуынша , мұндай орталық ашуының басты мақсаты - әлеуметтік тұрмысы нашар отбасының балаларына қамқорлық көрсету. Себебі, олардың арасында әлі күнге әлемдік интернет жүйесімен жұмыс жасаудан бейхабар балалар жетерлік. Алматыдағы интернет орталықтары мен клубтарының бәрі ақылы, бір сағаты 250 теңге тұрады. Мұндай балалар орталыққа сенбі, жексенбі күндері келіп, интернет жүйесінде жұмыс жасауларына барлық мүмкіншілік жасалып отыр дейді Балалар Интернет Орталығының директоры Александр Никульшин.

Қазақстанда орта білім жүйесін 100 процент компьютерлендіру мәселесі жүзеге асырыла бастағалы Қазақстан Республикасының Білім,ғылым министрлігі электронды кітаптар шығаруды қолға алған болатын. Осы күні Қазақстанда 22 пән бойынша қазақ және орыс тілдерінде 50 жуық электронды кітаптар дайындалып отыр. Бірақ онымен барлық облыстың білім орталықтары қамтамасыз етілмеген. Әзірге оған 8 облыстың ғана қолы жетіп отыр. Сондай-ақ, қазіргі таңда бұл саладағы мамандарды дайындау мәселесі де қиындықтар тудырып отыр дейді Республикалық біліммен ақпараттандыру орталығының директоры, педагогика ғылымының докторы, профессор Гүл Нұрғалиева.

Алматыда 16-шы қыркүйекте ашылған Балалар Интернет орталығынан басқа, Республикалық оқушылар сарайында тегін қызмет көрсететін компьютерлік кластар 1986 жылдан бастап жұмыс жасайды. Бірақ, онда бұл мүмкіншілікті оқушылар ғана қолдана алады. Алайда, мұнда қазақ мектептерінен келушілер жағы саусақпен санарлықтай ғана екен. Көбіне орыс мектептерінің оқушылары келеді дейді Республикалық оқушылар сарайындағы информатика класының меңгерушісі Алтын Мұхамедияорва.

Сондай-ақ, Алтын Мұхамедияорва қазіргі таңда Мектеп мұғалімдерінің арасында ең үлкен салмақ, информатика мамандарына түсіп отыр дегенді айтады.
XS
SM
MD
LG