Accessibility links

Я.Арафаттың жақын көмекшісі Дж.Раждуб – егер Израиль ислам жасақтарын жоюды доғаратындай болса, Израильмен арадағы бітімді қайта жалғастыруды ұсынуда.


ТАЯУ ШЫҒЫС: Палестина автономиясының жетекшісі Ясир Арафаттың ең жақын көмекшілерінің бірі Дж.Раждуб – егер Израиль ислам жасақтарын жоюды доғаратындай болса, Израильмен арадағы бітімді қайта жалғастыруды ұсынуда. Дж.Раджубтың сөзіне қарағанда, атыс-қақтығысты тоқтату туралы келісімді, егер оны Израиль жағы бұзбаса, “Хамас” және “Ислам джиһады” әсірешіл топтарының оны орындайтынына Палестина басшылығы кепілдік беруге дайын. Оған Израиль жағының ресми жауабы әлі келмеген, бірақ Ираиль өкілдері – палестиндіктердің ол ұсынысын Я.Арафаттың елден қуылуына жол бермеу мақсатындағы кезекті айла-амалы деп есептейді. Өткен аптада Израиль үкіметі Палестина жетекшісін жер аудару туралы шешім қабылдады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG