Accessibility links

Путин мен Лукашенко. Кикілжің тұсындағы кездесу


Ресей президенті Владимир Путин мен Беларуссия президенті Александр Лукашенко екі ел арасындағы газ дауы, ықпалдасу машақаты тұсында Қара теңіз жағалауындағы Сочи курортында кездесті.

Кейбір талдаушылар бұл кездесу мақсаты екі жақ арасындағы сол шиеленісті шешуге арналуы мүмкін деп біледі.

Жуырда Ресей Беларуссияға беретін газ бағасын қайта қарады. Осыған орай Мәскеу мен Минск арасында туындаған кикілжіңге қарамастан дүйсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин мен Беларуссия президенті Александр Лукашенко Сочи курортында кездесті. Бұ жәйлі Мәскеуден радиомыздыз тілшісі София Ламброшини хабарлайды. Ресейде жарық көретін "Время Новостей" газеті: "Бүгін екі басшы Ресей-Беларус одағы туралы әңгімені көтермейді. Бүгінгі әңгіме Ресей бағасын қымбаттатып отырған газ жөнінде болмақ" деп жазды. Яғни, Лукашенко Беларуссияның шымбайына қатты батқан Ресей газының бағасы туралы мәселе көтермек деп жазды. Оған тағы бір беларус бас ауыруы қосыңыз. Ол, егер, Беларуссия орыс рублін ұлтық ақша деп қабылдар болса Беларуссияның миллиондаған долларға ұтылатыны болып отыр. Лукашенко осы кездесуінде Путиннен бұл шығын үшін өтемақы сұрамақ. Ол аз болса Беларуссия жағы өз жері арқылы өтетін орыс құбырларын да иеленіп қалуды көздеп отырса керек. Бұ жәйлі ТМД институтының маманы Александр Фадеевтың пікіріне ден қоялық:

"Беларуссия арқылы өтетін жолдар, теміржолдар, құбырлар арқылы Ресей Еуроодақпен байланыс құрып отыр. Ресейден Еуроодаққа, Еуроодақтан Ресейге тасымалданатын тауардың 70 пайызы Беларуссия арқылы өтеді".

Соңғы апталарды Ресей мен Беларуссия арасында газ саудасы үстінде шиеленіс орын алды. Өткен аптада Ресей жағы Беларуссияға берілетін газ бағасына шектеуді алып тастады. Яғни газ бағасын көтерді. Ресей жағының бұл қадамға барған себебі Беларуссия Газпром газын тасымалдайтын біріккен акционерлік компания құруға тиіс еді. Алайда, Беларуссия ол келісімді орындамады. Оған жауап ретінде ГАЗПРОМ Беларуссия үшін газдың шектеулі бағасын жойды. Яғни қымбаттатты. Бұл газ дауы болса, екінші дау тағы бар, ол - ортақ ақша дауы. Ресеймен одақтасуға көз жұмып ұмтылумен келе жатқан Беларуссия 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап орыс ақшасы рубліне көшуге тиіс. Ондай жағдайда Беларуссия миллиондаған долларға ұтылатын болғандықтан Лукашенко енді Беларуссияның бұл қадамы үшін Ресей жағынан өтемақы дәмете бастады. Ортақ ақшаға көшпестен бұрын ортақ конституция қабылдайық деген тағы бір талап қоя бастады. Талдаушы Фадеев бұ дау туралы да өз пікірін былай бейнеледі:

"Екі елді біріктіруге бағытталған кез-келген қадам президент Александр Лукашенконың билігін шектейтіні аян. Ол осыған келісе алар емес."

Сочидегі саммитте алайда төрт ел болып ортақ экономикалық зона құруды армандап отырған Ресей Беларуссия қолдауына мұқтаж. Төрт ел мыналар: Ресей, Украина, Беларуссия, Қазақстан. Сондай-ақ, Путинге алдағы жылы басталатын президенттік сайлау тұсында да бір көзір ретінде Беларус картасы керек-ақ. Бұл картаны яғни Ресей-Беларус одағы идеясын Совет Одағы түсіне кіріп жүрген сайлаушылар алдында абырой алу үшін 1996 жылғы президенттік сайлауында Борис Ельцин де пайдаланған. Одақ идеясы Ресей, Беларус саясатшыларының келелі саяси ойындардағы керекті бір көзіріне айналумен келеді.
XS
SM
MD
LG