Accessibility links

“Отандастар” партиясы билікке жақын “Отан” партиясының жұмысын заңсыз деп бағалап отыр

  • Гүлмира ХАМЗА

Ресми түрде партия атығына ие болмаған «Отандастар» партиясының жетекшісі Геннадий Беляков билікке жақын «Отан» партиясы тіркеуден қайта өтсін, деген талап қойып отыр.

Мәселенің мән жайын түсіндіре келе «Отандастар» жетекшісі Геннадий Беляков әділеттікке қол жеткізгісі келетінін айтты.

Мәселенің мән-жайына үңілетін болсақ, Қазақстандағы саяси партиялар туралы жаңа заңға байланысты бұрынғы «Орыс» соңынан «Отандастар» партиясы атанған партия қайта тіркеуден өте алмаған. Қазақстанның Әділет министрлігіне «Отандастар» партиясының құжаттары ұнамай талай қайтарып жіберген. Геннадий Беляковтың айтуынша, амал жоқ болғандықтан олар өз партиясының жарғысын «Отан»партиясының жарғысы негізенде әзірлеген. «Отан» партиясының жарғысы біздің мақсатымызды көздейді, бізге ұнайды, -дейді Геннадий Беляков.

«Отан» партиясының жарғысы негізінде әзірленген «Отандастар» партиясының жарғысы Қазақстан үкіметіне тағы ұнамаған, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитетінің төрағасы Мейрамбек Таймерденов деген азамат, жарғыда бар кемшіліктерді көрсетіп, «Отандастар» партиясын тіркеуден бас тартқан.

Геннадий Беляковтың пікірінше, егер «Отандастар» партиясының жарғысы заңға сай келмесе, онда «Отан» партиясыда Қазақстан Конституциясының талаптарына сай келмейді. Осыған байланысты Геннадий Беляков «Отан» партиясының тіркеуден қайта өтуін талап етіп отыр.

Қазіргі кезде Геннадий Беляков Әділет министрлігінің қызметкері Мейрамбек Таймерденовтың іс-әрекетін айтып сотқа шағымданған. Геннадий Беляков әділеттікке қол жеткізетініне сенімді.

Бұл орайда, біз «Отандастар» партиясының наразылығын тудырған Әділет министрлігінің қызметкері Мейрамбек Таймерденовпен хабарласуға тырыстық, алайда Мейрамбек Таймерденов мырзаның телефоны күні бойы бос болмады.

Ал, «Отан» партиясының төраға қызметін атқарушысының орынбасары Ғалиасқар Дунаев «Отандастар» партиясының жетекшісі Геннадий Беляковпен санаспайтынын білдірді.

Ғалиасқар Дунаев, «Отан» партиясының төраға қызметін атқарушысының орынбасары:

- Біз 1999 жылы тіркеуден өткен болатынбыз. Саяси партиялар туралы жаңа заңға байланысты біз үстіміздегі жылдың басында тіркеуден қайта өттік. Геннадий Беляковтың мәлімдемесіне байланысты, біз өз пікірімізді білдірмейміз, тексеретін адамдар, келіп тексерсін, ал Ганнадий Беляков баспасөз мәслихатын ұйымдастыра берсін.

Геннадий Беляковқа Қазақстанның Коммунистік партиясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдин түсіністікпен қарайтынын айтты. Серікболсын Әбділдин егер «Отандастар» партиясы тіркелмесе, бұл партияға мүше боламын деушілер коммунисттердің қатарына қосылуы мүмкін, деген ойын білдірді.

Серікболсын Әбділдин,Қазақстанның Коммунисттік партиясының жетекшісі: - Отан партиясында жалпы бедел жоқ.Отан партиясы қысыммен құрылған партия. Оның төрағасы Елбасы. Ондай партиялардың іс-әрекеті халықтың көзіне шоқтай қадалып отыр.

Әзірге отандастар партиясының жетекшісі Геннадий Беляков бар мұнын айтып Қазақстан Президентіне хат жолдағанын айтты. Сонымен қатар олар соттың әділ шешім шығаратынына сеніп отыр.
XS
SM
MD
LG