Accessibility links

Америкалық әскери отбасылар Ирақтағы АҚШ соғысына қарсы

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Америка жерінде АҚШтың Ирақтағы соғыс әрекеттеріне қарсы наразылық қозғалысы басталды. Ал бұл президент Буштың Ирақ халқы алдындағы саяси жауапкершілігін күшейтетін түрі бар.

Бір қатар американдық әскерлердің отбасылары Ирақта жалғасып отырған соғысқа қарсы наразылық қозғалысына кірісті. Талдаушылардың пікірінше, бұл АҚШ президенті Джордж Бушқа үлкен жауапкершілік жүктеуі мүмкін.

Қозғалыс тобы ішінде Әскери отбасылар талап етеді және Оларды өз отандарына тез қайтару керек деген ұйымдар бар. Бұл ұйымдар, өткен аптада, АҚШ Өкілдер палатасының бір кеңсесінде баспасөз мәслихатын да өткізді. Сол жиында Әскери отбасылар қауымын ұйымдастырған белсенді Нәнси Лессин қозғалыстағы топтардың мұрат-мақсаты жөнінде былай деді.

- Біздің сүйікті перзенттеріміз елімізді және Ата заңды ішкі және сыртқы жаулардан қорғаймыз деп ант берген. Бірақ жас ұрпақты қажетсіз шараларға жұмсамаймыз деген Үкіметтің үәдесі де бар. Біз міне осы мәселе төңірегінде сөз қозғадық. Рас, соғыс бұл - нағыз дозақ. Сол соғыс үшін біздің ұл-қыздарымызды сатқындыққа кезіктірді. Бәрімізді де сатып отыр, - дейді топ жетекшісі.

Ираққа жауапты шарамен барып келгендер арасында Лессин қанымның өгей баласы да бар.

Қозғалыстың қаншалықты қуатты екендігін және АҚШ әскери отбасыларынан қанша адамның ол қозғалысты қолдайдынтығын айту қиын. Бірақ талдаушылардың тілшімізге айтқанындай, бұл қозғалыс барған сайын күшейе түсіп, 2004-жылы АҚШта болатын президенттік сайлау кезінде өз кері әсерін тигізуі әбден мүмкін екен.

АҚШ армиясындағы Әскери, Әуе, Теңіз күштерінің негізгі салаларын азаматтық жетекшілер басқарады. Қорғаныс министрі де әскери саладан емес. Әдетте әскери қызметтегілер бұған түсіністікпен қарайды.

Европадағы барлау қызметінде жұмыс атқарған генерал Эдуард Аткесонның әскери сарбаздар саясатты өзгелерге қалдырып өз жұмыстарымен болуды қалайды.

- Олар еркін агенттер. Өз қалағандарын істейді. Бұл әрине олардың жұбайлары, ата-аналары да солай істеуі керек деген сөз емес. Соғысқа қатысу дегені олардың өз көзғарастарын еркін білдіруі болып табылады, - дейді генерал.

Жаңа қозғалыс мүшелерін алаңдатып отырған негізгі мәселе – күнсайын қаза тауып отырған әмерикандық әскерлер жағдайы. Партизандар бір күнде екі әскерді өлтірсе, келесі күні олардың оғынан 3 адам қаза табады.

Вашингтондағы саяси зерттеу институтының Қорғаныс ақпарат орталығының президент орынбасары Тереза Хиченстің тілшімізге айтуынша, көптеген әскерилер Ирақ соғысы мұншама ұзаққа созылар деп күтпеген.

- Ирақтағы құрбандықтар жөнінде сөз көп. Алғашқы кезде американдықтар үшін бәрі дұрыс болар деп есептелген. Енді, партизандық соғыстың жақын арада бітпейтіндігі мәлім болып отыр, - дейді Орталық вице президенті.

Аткесонның айтуынша, жаңа қозғалыс жөнінде саяси баға беруге әле ертерек, бірақ Джордж Буштың келесі жылы президенттікке қайта сайланар кезінде ол қозғалыстың күші байқалады. Оның пікірінше, қозғалыс мүшелері әскерилердің тіршілік-өмірімен жақыннан таныс. Бұл - аса маңызды нәрсе.

- Олар соғыс және оның салдары жөнінде өзгелерден көбірек біледі. Олар өз білімдерімен беделді. Жұрт соны жақсы түсінеді, - дейді Аткесон.

Ал, Тереза Хиченстің айтуынша, қозғалыс президент Бушқа бірталай күтпеген жаңалықтар әкелмек.

- Меніңше әскери отбасылар қозғалысында бір қатар саяси өзгерістер болуы ықтимал. Жағдай осылай жалғаса берсе, жарты жыл бойы экономикалық дағдарыс сол қалпында болса, Ирақ соғысында күн сайын 3 американдық сарбазды жоғалтсақ, бұл аз нәрсе емес, - дейді Хиченс.

Тағы да бір маңызды мәселе – Ирақ соғысының ерекше табиғаты. Хиченстің айтуынша, АҚШ қауыпсыздық күштері үшін Саддам Хусейнді тақтан құлату негізгі нәрсе болмаған. Әскери басшылар өздерінің және өз сарбаздарының өмірлерін қауып астында қалдырғысы келмейді.

- Бұл өз еркіне жіберілген соғыс. Біз олайша етпеуіміз керек еді. Әскерилер мұндай соғысты қаламайды. Өз елін қорғау болса бір басқа. Ал себептен-себепсіз жігіттерді шайқасқа салуды сіздің сардарларыңыз да қаламаған болар еді, - дейді Хиченс.

Оның айтуынша, соғысты қолдаушылар бұрын да , қазір де, Қорғаныс департаментіндегі азаматтық саладағы тұлғалар болған. Оларды талдаушылар, журналистер әдетте балапан қаршығалар деп атайды. Олар - соғысты жақтайтындар, бірақ өздері соғыс майданына кірмейтіндер, дейді Хиченс.

Тереза Хиченстің айтуынша, егер Джорж Бушпен оның кеңесшілері Ирақтағы жағдайды тез арада жөндемесе, 2004-жылғы сайлаудан кейін, олар да, көптеген американдықтар сықылды жұмыссыз қалуы мүмкін екен.
XS
SM
MD
LG