Accessibility links

Европа кеңесінің бақылаушылары Әзірбайжандағы сайлау демократиялық қалыпқа сай емес екенін анықтады


Әзірбайжанда 15 қазанда президенттік сайлау өтуге тиіс. Додаға 80-жасар президент Ғейдар Әлиев денсаулығының қатты сыр бергеніне қарамастан түсіп отыр. Ғейдар Әлиев қазір Америка Құрама Штаттарында емделіп жатыр. Ғейдар Әлиевтың ұлы Ильхам да бас министр атанып, сайлауға түсіп отыр. Европа кеңесінің бақылаушылары Әзірбайжандағы сайлау барысымен танысып, науқан демократиялық қалыпқа сай емес екенін анықтады. Европа кеңесінің мамандары Әзірбайжанда баспасөз құралдары үкіметке тәуелді екенін, оппозициялық тұлғалар езгіге салынып отырғанын хаттады.
XS
SM
MD
LG