Accessibility links

Путин мен Лукашенко Сочидегі кездесуден кейін

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Сейсенбі күні Сочиде кездескеннен кейін Ресей президенті Владимир Путин мен Беларус президенті Александр Лукашенко екі елдің одақтасуы бойынша өзара түсініспестікті жасыруға тырысты. Сочидегі саммит Мәскеу мен Минск арасындағы кикілжің тұсында өтті.

Маскеу. Азат Еуропа және Азаттық радиосының тілшісі София Ламброшини хабарлайды. Сочидегі кездесуде жұрт алдына шыққан Ресей президенті Владимр Путин мен Беларус президенті Александр Лукашенко үшін езу тарту оңай болмады. Оған себеп бұ кездесу одақтасқалы отырған екі ел арасындағы шиқанды мәселелер жөнінде өтті. Соның бірі Беларуссияның орыс рубліне өтуі болса, бұл қадам Беларуссия үшін милиондаған доллар шығынға түсейін деп отыр. Ал, Ресей болса ұтқалы отыр. Сондықтан да Путин Ресей одақ елдердің ортақ ақшасы рубль болғанын мейлінше қолдайды деді:

"Ортақ ақша Ресей рубліне келер болсақ, Ресей және Беларус қаржы министрліктері мен орталық банктері дайындаған құжаттар жоғары деңгейде".

Және Ресей жағының да Беларус жағының да мүдделеріне сай келеді деді Путин. Лукашенко болса ортақ ақшаның ортақ мақсатқа сай екенін жоққа шығара алмаса да, бұл қадамға путинше қуана алмады:

"Ие, шынында да біздің одақтасу, біздің жақындасу үдерісіміз оп-оңай жүріп жатқан жоқ, оған себеп біз мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың болашағын белгілейтін шешуші межеге жеттік", - деді Беларуссия президенті.

Екі ел арасындағы одақ туралы Беларусь жағында алаңдаушылық бар, алайда ол алаңдаушылық есепке алынды деді Путин:

"Біздің Беларус әріптестеріміздің рубльге өту төңірегінде өз алаңдаушылығы бар. Біз ол алаңдаушылықты түсінеміз".

Бұған дейін Лукашенко рубльге өту кезінде Беларуссия миллиард доллардай шығынға қалады деумен келген еді. Ол шығынды Ресей жағы төлеуі керек деп келген еді. Енді Путинмен Сочидегі кездесуден кейін Лукашенконың ол шығындарды Ресейден алатыны, не алмайтыны белгісіз күйде қалды. Ал, талдаушылар болса осынау рубльге көшу үрдісі Лукашенко беделіне нұқсан келтіреді деп біледі. Ресейлік банк маманы Владислав Орешкин Ресейдің өз рублін Беларуссияға енгізуі бұл жұмсақ түрдегі аннексия, яғни Беларуссияны бейбіт жаулау деп біледі:

"Ресей орталық банкі Беларус үшін де рубль шығарады. Әрине шектеулі түрде. Сондықтан Лукашенкода әртүрлі жағдайларға керек ақша қоры болмақ емес. Лукашенко өз-өзінен тәуелсіз саясаткер ретінде кейбір шешімдерді қабылдауда мүмкіндігінен айрылады. "

Ал, Путин болса Беларуссияның рубльге өтуі оның тәуелсіздігіне зиян тигізбейді деп сылап-сипайды. Мысал ретінде ол еуроға өткен Еуроодақты көлденең тартады. Талдаушы Орешкин болса егер Ресей болашақта Беларуссиядағы өзінің саяси және экономикалық билігін күшейтер болса, онда Ресей Еуроодақпен де байланысын нығайтады деп біледі:

"Ресей Еуроодақ шекарасына тікелей шығатын болады Дәл кәзір Лукашенконың жағдайы әлсіреп тұр деп ойлаймын"
XS
SM
MD
LG