Accessibility links

Екібастұз халқы 2030 жылғы болашақ ұрпақтарына арналған үндеуін жолдады.


18-ші қыркүйек күні атап өтілетін Әлем күні қарсаңында “Екібастұздың болашағы үшін” қоғамдық бірлестігі Екібастұздағы интернационал-жауынгерлердің саябағында митингі ұйымдастырды. Оның барысында “Болашақ ұрпақтарға – 2030 жылдың кеншілері мен энергияшыларына” арналған үндеу оқылды. Қазақстан халқының арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайта беруге, Екібастұз халқының қазіргі ұрпағы сияқты қаланы қорғап, көркейте беруге шақырған әлгі үндеуді арнаулы құтыға салып, митингіге келгендер қаланың 45 жылдығына арналған саябақтағы мінбердің астына көмді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG