Accessibility links

Қазақстан премьер-министрі Д.Ахметов Каспийдегі Қашаған мұнай көзін игеруге қатысушы халықаралық “Аджип Қазақстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани” консорциумының өкілдерін қабылдады.


Бүгін Қазақстан премьер-министрі Даниял Ахметов Каспийдің солтүстік бөлігіндегі Қашаған мұнай көзін игеруге қатысушы халықаралық “Аджип Қазақстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани” консорциумының өкілдерін қабылдады. Премьер-министрдің баспасөз-қызметінен Қазақ ақпарат агенттігіне хабарланғандай, италияндық ЕNI корпорациясы бас директорының орынбасары Пиетро Каванна Д.Ахметовті аталмыш жобаны жүзеге асырудың барысынан құлағдар етіп, көмір шоғырланған жер қатпарындағы газ көздерін игеру ісінде аталмыш компанияның Қазақстанға техникалық көмек беруге дайындығын хабарлаған. Сөз соңында қазақ үкіметінің төрағасы Қашаған жобасын игерудің мерзімін сақтаудың маңыздығын атап көрсеткен.
XS
SM
MD
LG