Accessibility links

Ирақта коалициялық күштердің жауынгерлеріне тосын шабуылдар тоқтамай тұр.


Ирақта коалициялық күштердің жауынгерлеріне тосын шабуылдар жасау тоқтамай тұр. “Франс пресс” агенттігінің хабарлауынша, кеше күн батқанда Бағдадтың іргесінде белгісіз біреулер АҚШ-тың әскери керуенін атқылап, 3 АҚШ жауынгері жараланды. Бағдадтан солтүстікке қарай орналасқан Балад қаласындағы армия күзетін гранататқыштан атқылаудың салдарынан тағы АҚШ жауынгері жараланды. АҚШ президенті Дж.Буш соғыс қимылдарының аяқталғанын жариялаған 1-ші мамырдан бері Ирақта коалиция жауынгерлеріне қарсы шабуыл күнде жасалып келеді.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG