Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-нің Ялта саммитіне қатысады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Молдовадан Қара теңіздегі Ялта қаласына келіп, бүгін Ресей, Украина және Беларус басшыларымен кездеседі. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы саммитінде Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру мәселесі талқыланады. Жаңа одақтастықты құру бастамасы ақпан айында көтерілген. Бірыңғай экономикалық кеңістік ынтымақтастықты нығайта түседі деп біледі Қазақстан басшылығы. Президент Назарбаев кеше Молдова сапарын толық аяқтады. Сапар барысында экономикалық қарым - қатынасты белсендірек жүргізу мәселесі талқыланды. Қазақстан мен Молдова арасында жекелеген сала бойынша келісімдер жасалды.
XS
SM
MD
LG