Accessibility links

Қытай "Шығыс Түркістан" қозғалысын аймаққа қауіп төндірген күштердің қатарында атады


Қытай сыртқы істер министрлігінің жоғары өкілі Ли Хюей сәрсенбі күні баспасөз мәслихатын өткізіп, терроризмге қарсы күрес Шаңқай ынтымақтастық ұйымының негізгі мақсаттарының бірі деп сипаттады. Бұл жөнінде Пекиннен Итар-Тасс агенттігі хабарлады. Шаңқай ынтымақтастық ұйымы халықаралық терроризмге қарсы, сепаратизмге қарсы жұмыла түсті деді Қытай өкілі. Аймаққа қауіп төндірген күштердің қатарында Қытай өкілі "Шығыс Түркістан" қозғалысын атады. Қазақстан мен Қытайда жақында өткен антитеррорлық әскери ойын әріптестіктің нышаны ретінде сипатталды.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG