Accessibility links

Италия бас министрі Сильвио Берлускони тілінің қырсықтығынан тағы шатаққа тап болды


Өткен аптада берген сұхбатында Берлускони фашистік диктатор Бенито Муссолини ешкімді өлтірткен емес, ол ешкімді азапқа салмаған деп сипаттады. Италияның еврей қауымдастығы бұған қатты шамданды. Италия бас министрі кеше Италия еврей қауымдастығының басшысы Амос Люзаттомен Рим синагогасында бір сағат бойы әңгімелесіп, кешірім сұрады. Алайда, Амос Люзаттоның көңілі толған жоқ. Амос Люзатто еврей қауымдастығы бас министрден ресми кешірім талап ететінін айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG