Accessibility links

Араб мемлекеттері Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясына кіргізген қаулы жобасын өзгертуге келісті


Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясына араб мемлекеттері Израил жөнінде кіргізген қаулының жобасын Америка Құрама Штаттары вето құқығын пайдаланып, сейсенбі күні тоқтатып тастаған болатын. Палестина басшысы Ясир Арафатты Израил елден қуып жібереді, деп сескенеді араб мемлекеттері. Ясир Арафат бейбіт процеске бөгет жасайды, сондықтан ол аластатылу керек, деп Израил өткен аптада мәлімдеген. Араб мемлекеттері кеше бастамаларына қайта оралды. Араб мемлекеттерінің елшілері жобаға кейбір өзгерісті кіргізіп, оны Бас Ассамблеяға қайтадан ұсынуға келісті. Бұл туралы Палестинаның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі Нәсер Әл Кидуа хабарлады.
XS
SM
MD
LG