Accessibility links

Джордж Буш 2001 жылғы 11 қыркүйектегі террорлық шабуылдарға Саддам Хұсейннің тікелей қатысы жоқ деп мәлімдеді


Бірақ Саддам Хұсейн "Әл Қаида" ұйымымен сыбайлас болды, бұл террорлық ұйым өз кезегінде Нью-Йорк пен Вашингтонда үш мыңға жуық адамның өмірін қиған шабуылдарға жауапты деді Джордж Буш. Буш бұл мәлімдемесін кеше кешкісін АҚШ конгресі басшыларымен кездескенде жасады. АҚШ-ғы қоғамдық пікірдің соңғы зерттеуі жұрттың 70 проценті 11 қыркүйектегі шабуылдарға Саддам Хұсейн тікелей араласқан деп білетінін көрсетті.
XS
SM
MD
LG