Accessibility links

Еуро шығысқа қарай аяқ баспақ


1999 жылы еуро айналымға шыққалы бері Шығыс Еуропа халықтарының еуроға деген көзқарастары әртүрлі болды. Біреуі еуроны құшақ жая қарсы алса, екіншісі жаңа ақшаға ынталы.

Осы өткен демалыс күндері Швеция референдум арқылы еуродан бас тартты. Яғни еуро енді тек Еуроодақтың 12 елінің ғана ортақ ақшасы болып қалды деп жазады радиомыздың талдаушысы Брефни Ороурк. Енді, еуроны Еуроодаққа алдағы жылы кіретін жаңа елдер қабылдамақ. Бұл жерде бір айта кететін жәйт, Еуроодаққа бұрыннан мүше елдердей емес, жаңа мүшелерге еуроны қабылдау мүшеліктің бір шарты ретінде міндеттеліп отыр.

Бірақ бұл шартты орындау үшін жаңа мүше елдерге 3 жылдық мерзім берілген. Ол деген сөз сол 3 жыл бойында еуро аймағында біраз ұлттық ақшалар уақытша болса да бірге жүреді деген сөз. Бұл жағдаят кеңейген Еуроодақ аумағындағы сауда-саттықты қиындатпақ дейді осы одақтың статистика агенттігі. Эстон кроны, болғар леві, Литва литасы еуроға шаққанда бүгінде тұрақты межеде тұрақтаған болса, чех кроны әлі ауытқумен тұр.

Ал, Словения толары еуроға шаққанда 1999 жылдан бері өзінің 19 пайыздық құнын жоғалтқан. Поляк злотыйы да еуроға қатысты осы биылғы жылдың алғашқы алты айының ішінде 10 пайыздық құнын жоғалтты. Румыния леуі 1999 жылдан бері 77 пайыздық құнынан айрылды. Бұл деген сөз Еуроодаққа үміткер елдердің одаққа өтуін тездету керек деген сөз емес пе? Бұл сауалға Дойч Банктың талдаушысы Клаус Папенброк тездету керек деп жауап береді:

"Бұл сауданы, есептеуді жеңілдетеді. Экспортерлар үшін сауда аймағын кеңейту тиімді болмақ."

Еурозонаға ену үшін үміткер елдер алдына орындалуға тиіс 5 қағида қойылған. Соның бірі бюджет дефицитін жалпы ішкі өнімнің 3 пайызынан асырмау. Ал, Еуроодаққа үміткер 10 елдің 2002 жылғы бюджет дефициті одан бұрынғы жылмен салыстырғанда 4.7 пайызға өсті. Бүгінде осынау үміткер елдер емес, Еуроодақтың екі жетекші елі Франция мен Германияның да бюджеттік дефициті 3 пайыздық деңгейден асып кетті.

Енді Еуроодақ үміткер елдер үшін бюджеттік дефицит деңгейін қайта белгілеуге мәжбүр. Осының бәрі үміткер елдер еуро аймағына кірген кезде Еуропаның орталық банкінің жұмысын ауырлатпақ. Өйткені, Еуропаның орталық банкі еуро үшін жалғыз өсім деңгейін тағайындауға мәжбүр. Ал, еуро аймағына кіретін елдердің экономикалық дамуы болса әрқилы. Дойч Банк талдаушысы Папенброк түсініктеме береді:

"Германия мен ақшаның құнсыздануы төмен елдер үшін еуроға белгіленген өсім деңгейі өте жоғары. Еуроға тағайындалған өсім деңгейі сол тәрізді Грекия, Ирландияда жоғары."

Демек, бұл әзірше еурозонаға арналған ортақ қаржы саясатының дұрыс жұмыс істеуінің көрінісі дейді Доич Банк маманы. Еуро аймаққа арналған ортақ қаржы саясаты әлі айтарлықтай тауқымет тудырып отырған жоқ дейді. Бұл деген сөз Еуроодаққа үміткер елдердің ортақ ақша еуро аймағына енуі де соншалықты тауқымет болмайды деп біледі маман.
XS
SM
MD
LG