Accessibility links

Бүгін Испанияның премьер-министрі Х.М.Аснар Триполиде Ливия президенті Муамар Қаддафимен келіссөздер жүргізуде.


Испанияның премьер-министрі Хосе Мария Аснар бүгін Триполиде Ливия президенті Муамар Қаддафимен келіссөздер жүргізуде. Оның бағдарламасы әзірше хабарланбай отыр. Испан делегациясы мүшелерінің хабарлауынша, елді халықаралық шетке қағудан шығаруға бағытталған Ливия басшылығының таяудағы қадамдарына Х.М.Аснар қолдау көрсетпекші. Өткен жұмада БҰҰ-ы Шотландияның үстіндегі америкалық әуе кемесінің жарылысынан кейін 1988 жылы Ливияға салынған шектеуін тоқтатты. Ол апатқа ливиялық барлау қызметінің қатысы бар болып шықты. Жуырда Ливия өзінің кінәсін мойындап, қаза болғандардың туыстарына өтемақы төлеуге келісті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG