Accessibility links

Швецияның сыртқы істер министрі Анна Линд ханымды өлтірді деген күдікпен ұсталған адам өзіне тағылған айыпты толық жоққа шығаруда.


Швецияның сыртқы істер министрі Анна Линд ханымды өлтірді деген күдікпен ұсталған адам өзіне тағылған айыпты толық жоққа шығаруда. Ол жөнінде қамауда отырған күдіктімен бірінші жүздесуінен соң оның адвокаты мәлімдеді. Анна Линд - 10 қыркүйекте сауда орталығында мерт болды. Қылмыскер оны жанды жерінен пышақтап өмірін қиды. Сейсенбі күні оны өлтірді деген күдікпен бір кісі ұсталды. Марқұм Анна Линд сенбі күні жерленбекші, ал жұма күні онымен қоштасу рәсімі өтеді.
XS
SM
MD
LG