Accessibility links

“Қазақгейт” шатағы бойынша “Мобил” компаниясының бұрыңғы басшысы сотталды


Қазақстан ресми өкілдеріне қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталған "Мобил" компаниясының бұрыңғы басшысы Брайан Уильямстың соты бейсенбі күні толық аяқталды. "Ассошейтед пресс" агенттігі хабарлап отырғандай, Брайан Уильямс 3 жыл 10 ай түрмеде отыруға кесілді, ол сондай ақ 25 миллион доллар айып төлеуге міндеттелді. Брайан Уильямс Қазақстандағы мұнай істерінен 2 миллион доллар пара алды, салықтан 7 миллион доллар табысын жасырды деп табылды. Сот Брайан Уильямстың кінәсін мойындағанын, АҚШ Әскери Әуе күштерінде төрт жыл қызмет еткенін, Вьетнамда бір жылдан аса әскери қызмет еткенін қабыл алды. Брайан Уильмстың ісі "Қазақгейт" деп аталып кеткен шатақтың шеңберінде қаралды. Американдық мұнай компаниялары Қазақстан басшыларына миллиондаған доллар пара берді деген іс тергеу үстінде.
XS
SM
MD
LG