Accessibility links

Марокко соты терроризм айыбы бойынша іс қарады


Марокко соты 32 жасар Франция азаматы Пиер Робертті және екі мароккандықты өмірлік абақтыға терроризм айыбы бойынша кесті. Олар мамыр айында Касабланка қаласында жасалған бомбашы жанкештілердің шабуылдарын ұйымдастырды деп табылды. Ислам дініне өткен Пиер Робертпен қоса террорлық шабуылдарға әрекет жасады деп оның 30 серіктесі табылды. Олар 30 жылға шейінгі мерзімде бас бостандықтарынан айырылды. Олардың әрекетінен 33 адам қаза тапқан, 12 жанкештінің де өмірі қиылған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG