Accessibility links

АҚШ әскері Ирақтың кейбір қалаларынан кететін болды


Ирақ астанасы Бағдадтың маңындағы Қалдия қаласында кеше екі американдық сарбаз жараланды. Мұның сыртында Тикрит қаласында үш американдық сарбаз кеше кешкісін қаза тапты, екуі жараланды. Фәллуджа қаласында мыңдаған халық 17 жасар жаназасына жиналып, оның өліміне наразылық танытты. Жергілікті тұрғындар жас жігіт американдық сарбаздардың қолынан қаза тапты деп біледі. АҚШ-тың Ирақтағы әскери басшысы генерал Ричардо Санхез американдық жасақтар кейбір қалалардан шығатынын мәлімдеді. Жергілікті қауіпсіздік мекемелері тәртіпті қолға алған сайын американдық әскердің басқа да қалалардан кететіні айтылды. Франция президенті Жак Ширак АҚШ бастаған бірлестікке қайырылып, Ирақтағы билік алдағы бірнеше айда өзгеріледі деп сендіруге шақырды. Ал президент Джордж Буш келесі аптада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясына бармақ. Оғанға шейін Ирақ жөнінде жаңа қаулы қабылданатынына шүбәлімін, деді президент Буш.
XS
SM
MD
LG