Accessibility links

Құзырлы орындар бір қызметті қайталап атқармайтын болады

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қыркүйектің 18-і күні өткен Қазақстан Парламент Сенатының жалпы отырысында «Экспорттық бақылау туралы» заңға өзгеріс енгізу жөніндегі заң жобасы қабылданды.

- Заң жобасы бойынша баяндаған Индустрия және сауда министрінің орынбасары Болат Смағұловтың айтуынша, қолданыстағы заңда экспорттық бақылауға жататын тауарларға үкімет рұқсат береді. Осы заңның 5-ші бабы бойынша экспорттық бақылау жөніндегі өкілетті орган да экспорттық және импорттық тауарларға лицензия беруді жүргізеді. Бұл жағдайда экспорттық және импорттық тауарлармен айналысатын тұлға Үкіметтен рұқсат, ал, өкілетті органнан лицензия алуы қажет. Бұл бір қызметті қайталап жүргізуді көрсетіп отыр.

Сондықтанда аталған заңға тиісті лицензия беруді қараудың мерзімін қысқарту мақсатын көздейтін өзгеріс енгізілді. Енді экспорттық бақылауға жататын импорттық және экспорттық тауарлар өкілетті орган берген лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Қолданыстағы заңға енгізілетін өзгеріс сыртқы сауда қарым-қатынасын нығайтуға арналған.
XS
SM
MD
LG