Accessibility links

Сенбі күнгі сайлауға қазақ оппозициясы үміт артып отыр


Қазақстанда сенбі күні жергілікті мәжілістерге сайлау болады. Бұдан бұрынғы президенттік, парламенттік сайлауларда жеңіске жете алмаған қазақ оппозициясы енді осы сайлауға үміт артып отыр.

Қазақстанда сенбі күні жергілікті мәжілістерге сайлау өтеді. Президенттік, парламентік сайлауларда жолы болмаған оппозиция енді осы сайлауға біраз үміт артып отыр деп жазады радиомыздың талдаушысы Брюс Панниер. Қазақстанда бұрынғы өткен сайлауларды бақылаған Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы ол сайлауларды демократиялық қағидаларға сай болмады деп сынағаны белгілі. Құрама Штаттарындағы Солтүстік Каролина Университетінің Қазақстан бойынша сарапшысы Стив Сейбол егер де әділ өтер болса бұ сайлау оппозиция үшін табысты болмақ дейді:

"Егер де сайлау ойдағыдай өтсе бұл Қазақстандағы азаматтық еркіндікке бағытталған айтулы қадам болар еді."

Бұл жергілікті сайлауға 7 мыңнан астам үміткер қатысуда. Алайда, облыстық мәжіліс депутаттарына бір ерекше құқық берліген. Облыстық мәжіліске осы облыстан Сенатқа екі сенатор таңдау құқы берілген. Сенаторлар Қазақстанда сайланбайды. Оларды осылай таңдап, тағайындайды. Қалалық мәжіліс болса қалалық сайлау комиссиясының мүшелерін сайламақ. Алайда, Қазақстанда жергілікті әкімдердің жергілікті мәжілістерге ықпалы күшті. Соның салдарынан бұ сайлау науқаны тұсында да оппозициялық үміткерлерге деген қысым жиі төбе көрсетті. Сондай қысым көргендердің бірі Алматы қалалық мәжілісіне сайлауға түсіп жатқан үміткер Маржан Асфандиярова:

"Менің сыртымнан зияндық жасаған жалған ақпарат бар саяси позициямды жоққа шығарып, мені тек дін уағыздаушы қылып көрсеткен ақпарат қағаз жан-жаққа таратылып, әлі оны жасаған, ұйымдастырған адамдар табылмады. Және мен аймақтық комиссияға берген арызым, Орталық комиссия төрайымы Зағипа ханым Бәлиеваға берген арызым, Бас прокурорға берген арызым, мына Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің жетекшісіне берген қағаздарыма бір де біреуіне мен жауап ала алмадым."

Сондай-ақ, Асфандиярова оны үміткер ретінде тіркеу үдерісінің де ұзаққа созылып, оның сайлау науқанына уақытында кірісуіне кедергі болғанын айтады. Ол, сондай-ақ, сайлаушылармен кездесуге қалалық әкімшіліктен мектеп үйін ала алмағанын да айтады. Батыс Қазақстандық үміткер Доқтырбай Нұржанов болса үміткер ретінде тіркелу үшін одан жүйке ауруханасынан анықтама сұрағанын, ол қағазды алудың 3 күнге созылғанын айтады.

"Тәжиева Рауза деген бөлімше орынбасары мені ана доғдырмен, мына доғдырмен 3 күн бойы қайта-қайта қарады."

Зейнеттегі генерал Мұрат Қалматаев:

"Сайлау әділ болады дегенге мен сенбеймін. Сайлау әділ болуы үшін Орталық сайлау Комиссиясы бар ғой, Бәлиева Зағипа басқаратын, сонда отырған адам әділ болуы керек. Мен сайлаудың әділетсіз екенін өзім көрген адаммын. Зағипа маған бірауыз сөз айта алмас, екеуміз депутат болған адамбыз. Сайлаудың әділ болуы мына аудан басшыларының, республика басшыларының санасы жоғарылағаннан кейін ғана әділ болады, әй, оған біраз жыл күту керек шығар деймін."
XS
SM
MD
LG