Accessibility links

Теңізшевройлда үлесі бар компаниялар екінші кезеңдегі келісімдерге қол қойды

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

19 қыркүйекте Теңізшевройлдың әріптестік кеңесі бұған дейінгі келісімді дамыту бағытында бас қосып, екінші кезеңдегі келісімдерге қол қойды.Басты мәселе өнім өндіруді қарқынды жүргізу.


Келісімшарттарға қол қойғаннан кейін Шеврон Тексаконың атқарушы директоры Гаи Поликсу, вице президенті Джим Тейлор, қаржы жөніндегі президенті Бин Кок, Теңізшевройл ЖШС бас директоры Александр Корнейлус, Лукарконың президенті Виктор Пажин және Қазақстан жағынан энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школъник, Қазмұнайгаз компаниясының президенті Ұзақбай Қарабалин, вице президенті Тимур Құлыбаевтар баспасөз маслихатын өткізді.Мұнда енді өнім өндіру ұлғайып, мемлекет бюджетіне де оның түсімі көбейетіндігі айтылды.
XS
SM
MD
LG