Accessibility links

Құрама Штаттардың шығыс жағалауында болған қатты құйыннан кемінде 9 адам қайтыс болды.


Көптеген ағаштар құлап, электр жүйелері істен шықты. Осы табиғат апатынан Виржиния мен солтүстік Королинадағы он мыңдаған адам үйлерін тастап қашқан. Үш млн-дай адам электр жарығынсыз қалып отыр. Бүгін Изабель деп аталатын бұл құйынның жылдамдығы сағатына 105 шақырымға дейін төмендеді. Метеорологтардың айтуынша, болуы мүмкін су тасқынынан Изабель құйыны қайтадан қауіп төндіріп отыр. АҚШ-тың шығысындағы алты штат пен Колумбия ауданында төтенше жағдай жарияланып, мемлекеттік мекемелер жұмыс істемеуде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG