Accessibility links

Украинаның курортты қаласы Ялтада ТМД елдері басшыларының жоғары деңгейдегі саммиті өтті.


Онда 7 жылдық экономикалық ынтымықтастық келісімдеріне қол қойылды. Және онда терроризммен күрес мәселесі мен заңсыз көші-қон жағдайы сөз болды. Осы өтіп жатқан кездесудің сыртында Қазақстан, Ресей, Украина, Белорусь елдері бірігіп бірыңғай економикалық кеңістік құру жөніндегі келісімге қол қойды. Саммитің соңында сөз алған Ресей президенті Владимир Путин бұл экономикалық келісімге қол қойған мақсаттарын былай жеткізді. - Бүгін біз қол қойған өзара экономикалық қатынасты реттейтін құжаттың мақсаты, біріншіден өндірістегі, тасымалдау аясындағы және ауылшаруашылық өнімдері мен өнеркәсіп тауарларын саудаға шығаруда жалпы инфрақұрылымдардағы ауыртпашылықтарды жеңілдету, бұл алемдік базарда біздің тауарларымыздың бәселестігін арттқратын болады, - деді Ресей президенті. Бастапқыда еркін сауда аймағы құрылатын болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG