Accessibility links

Бүгін Астанада алдағы күндері болатын әлемдік және дәстүрлі діндер сьезінің жұмысы жайында ақпарат тарататын халықаралық баспасөз орталығы ашылды.


Сьезге 17 елдің өкілдері қатысады. Бұл туралы қыркүйектің 20-сы күні өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер вице-министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеген. Оның мәлім еткеніндей, бүгінгі күні барлық ұйымдастыру мәселелері шешіліп, сьез өтетін Салтанат сарайында қазір негізгі қорытынды құжаттарды талқылап жатқан сарапшылар тобының мәжілісі өтуде. Бұл құжаттар сьезге қатысушылардың талқылауына ұсынылатын болады. Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, сьездің басты мақсаты тұрақты негіздегі конфессия аралық диалогты қалыптастыру болып отыр.
XS
SM
MD
LG