Accessibility links

Бүгін Қазақстанның барлық аймағында жергілікті мәслихат депутаттығына сайлаулар өтті.


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Астана қаласының нөмірі екінші сайлау участогына келіп, өзі таңдаған үміткеріне дауысын берді деп хабарлайды Қазақпарат агентігі. Елбасы онда журналистерге берген сұхбатында, Қазақстанда бес жылда бір рет болатын мәслихаттар сайлауының маңызына тоқталып, биылғы сайлаудың ерекшелігі оған халықтың айтарлықтай мән беріп отырғандығында екенін айтқан. Сайлауға сондай-ақ, оппозиция өкілдер де үміткер ретінде тіркелгенімен, сайлау алды науқанында бірқатар заң бұзушылықтардың орын алғаны айтылып отыр. Бұл Қазақстанның сайлау жөніндегі заңы бойынша

өтіп жатқан соңғы дауыс берулер. İшінде ЕҚЫҰ бар бірнеше халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар тарапынан түскен арыз-шағымдардан кейін, Қазақстан өзінің сайлау жөніндегі заңын Еуропалық Одақтың талаптарына сай етіп қайта қабылдайтын болады.
XS
SM
MD
LG