Accessibility links

Павлодар облысында тағы бір мешіт ашылды


Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылында мешіт ашылды, деп хабарлады "Қазақпарат" агенттігі сенбі күні. Алматылық кәсіпкер Ардақ Қантарбаев мешітке Бекен Ұста атасының есімін берді. Бірлік ауылында шамамен бір мың адам тұрады. Ауылда заманауи мешіт осы күнге шейін болмаған. Жақын жердегі мешітке бару үшін қырық шақырымдағы аудан орталығына қатынауға тура келді.
XS
SM
MD
LG