Accessibility links

Бірыңғай экономикалық кеңестікті құру бастамасын Молдова сынға алды


Қазақстан, Ресей, Украина және Беларус басшыларының Бірыңғай экономикалық кеңестікті құру бастамасын Молдова президенті Владимир Воронин сынға алды, деп хабарлайды Итар-Тасс агенттігі Кишинеу қаласынан. "Бірыңғай экономикалық кеңестікті құрушылар ескі қателерді қайталап отыр, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын жетілдіруден ауытқып кетті",- деді Молдова президенті. ТМД-нің алдыңғы қатардағы мемлекеттері білгенін істеп жатқан тұста Молдова Европа Одағына бет алуды жөн көреді, деді президент Воронин. Грузия сыртқы істер министрі Ираклий Менагаришвили болса Бірыңғай экономикалық кеңестіктің құрылуын мұқият және ұқыпты бақылайтын боламыз деп сипаттады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG