Accessibility links

Украина оппозициясы Бірыңғай экономикалық кеңестік бастамасына наразы


Қазақстан, Ресей, Украина және Беларус басшылары жұма күні Бірыңғай экономикалық кеңестік құруға келіскені белгілі. Ортақ базар қалыптастыру мақсатында ұлттық үкіметтер кейбір өкілеттіктерін ортақ мекемеге бермекші. Украина оппозициясы бастаманы еліміздің егемендігіне қол салу деп қабылдады. Украина Ұлттық партиясы кеше президент Леонид Кучманы биліктен кетіру науқанын бастады, деп хабарлайды "Ассошейтед пресс" агенттігі. Конституция бойынша Украина Европамен бірігуге құштар, Кучма бастаған науқан ұлттық мүддемізге нұқсан, дейді Ұлттық халық партиясы. Барлық патриоттық ұйымдар парламентке жазған хатымызға ынтамен қол қойысты, дейді осы оппозициялық партияның төрағасы Борис Тарасюк.
XS
SM
MD
LG