Accessibility links

Британия, Франция және Германия басшылары кеше Ирақ мәселесін талқылады


Кездесу соңында үш елдің жетекшісі Ирақты қайта қалыптастыруда негізгі орынды Біріккен Ұлттар Ұйымы алу керек, билік Ирақ үкіметіне тезірек өту керек деп келісті. Дегенмен, Германия канцлері Герхард Шредер Біріккен Ұлттар Ұйымының маңыздылығын арттыру деген мәселені әлі талқыласа жөн деді. Франция президенті Жак Ширак ирақтықтардың қолына билікті тапсыру құбылысы бірнеше жылға созылмай, санаулы айдың ішінде іске асу керек деді.

Британия, Франция және Германия басшыларының сыртында кеше Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеме жасады. "Ираққа Ресей жалпы әскер жолдай алады, бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі алдыменен халықаралық қатысуды арттыру жөнінде ұйғарсын", - деді Владимир Путин.
XS
SM
MD
LG