Accessibility links

Латвия халқы Европа Одағына қосылуды құптады


Латвияда кеше Европа Одағына қосылу жөнінде референдум өтті. Латвия халқы Европа Одағына қосылуды қолдаған көрінеді. Алдын ала есеп бойынша, сайлаушылардың 69 проценті қосылуды жақтады. Бас министр Ейнарс Репсе мұны жеңіс деп жариялады. Латвия президенті Вайра Вике-Фрейберга Латвияның жаңа өзгерісі Екінші Дүниежүзілік соғыстың теріс әсерін біржолата жоққа шығарады деп сипаттады. Латвия референдумының қортындысы сәтті шықса, келесі жылдың мамыр айында Европа Одағына он бұрыңғы коммунистік мемлекет қосылмақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG