Accessibility links

Тәуелсіз бақылаушылардың республикалақ жүйесі

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

Тәуелсіз бақылаушылардың республикалақ жүйесі сайлаудың алғашқы нәтижелеріне және бақылаушыларға қатысты заңсыз әрекеттерге тоқталды

Осыған орай республикалық жүйенің басшысы Дос Көшім жергілкті мәслихат депутаттарына қатысты өрескел заң бұзушылықтардың орын алғаны туралы айтып өтті.

-Біздер сайлауға дейінгі бақылау, сайлау үстіндегі және одан кейінгі бақылаулар барысында әрқайсысы 19 сұрақ бар, қысқасы біз кем дегенде 70-ке жуық сұрақтарды әрбір облыстан алып, соларды жеке бір жүйеге түсіріп, және оның қорытындысын шығарып, қандай бағытта заң бұзушылықтар болды және ол біз бақылаған учаскелердің қанша процентінде көзге түсті деген мәселемен шұғылданып жатырмыз,-деді Дос Көшім.

Тәуелсіз бақылаушылар жүйесінің келтірген мәліметтеріне қарағанда, заң бұзушылық негізінен сайлау нәтижесіне күмән тудыратын белгілі бір бағытпенен жүргізілген.

Осы жолғы сайлау барысында Қазақстанның көптеген жерінде тәуелсіз бақылаушыларды жібермей қою, болмаса жұмыс істетпей қуып шығу әрекеттері жиі байқалған. Бұл Заң негізінде, яғни әкімшілік кодекстің 101 статьясы бойынша бақылаушылардың құқығын бұзу. Мысалы осындай әрекеттер Алматы, Талдықорған қалаларында, сондай-ақ Қызылорда қалаларында байқалған. Осы Қызылордада бақылаушыларды кеудеден итеріп, қысым көрсетіп, шығарып тастаған.

Сонымен қатар, бақылаушылардың актілері мен ескертпелері арнайы кітапшада тіркеліп, назарға алынуы керек еді. Алайда Талдықорғанда бақылаушылардың актілерін қабылдамай тастаған. Егер де жасалған актілер қабылданбаса, сонда сайлау бақылауының нәтижесін кім біледі және сайлауда болған заңсыздықтарды қалай біледі. Онда бақылаушылардың қажеті қанша, онда сайлаудың жариялылығы, ашықтығы үлкен күмәнда болады. Дос Көшім осылай деді.

Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесі алдағы сәрсенбі күні 20 қыркүйекте өткен сайлау қорытындыларының алғашқы нәтижелерін жариялайтын болады.
XS
SM
MD
LG