Accessibility links

Егемендікті ирақтықтар қолына тезірек табыс ету жөніндегі Франция тарапынан жасалған ұсынысты АҚШ Ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі кеңесшісі Кондолиза Райс ханым “қисынға келмейді” деп бағалады.


Бұл жөнінде Райс ханым журналистерге Вашингтонда берген сұхбатында былай деген еді: - Елші Пауел Бремер жеті қадамдық жоспар жөнінде айтқан болатын. Оның бірі Ата заңның қабылдануы, одан кейін сайлаулар жалғаспақшы. Сайлаулардан соңыра егемендікті ирактықтарға табыс ету орын алатын болады. Мұның мүмкіндігінше тез арада жүзеге асуы ойдағыдай болар еді. Дей тұрғанмен бұл істі үлкен жауапкершілікпен атқарған жөн. Біздің бәріміз сияқты менің ойымша, егемендікті сайланып қойылмаған адамдар қолына табыс ету жөніндегі Франция жоспары қисынға келмейді, - деді Райс ханым.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG