Accessibility links

Мәслихат сайлауына байланысты баспасөз мәслихаты


Мәслихат сайлауына байланысты Қазақстанның саясаттанушылары мен әлеуметтанушылар қауымдастығы баспасөз мәслихатын өткізді

Қыркүйектің 23 –і күні Алматыдағы Қазақстан баспасөз үйінде сенбіде өткен мәслихат сайлауына байланысты Қазақстанның саясаттанушылары мен әлеуметтанушылар қауымдастығы яғни АСИП баспасөз мәслихатын өткізді. АСИП президенті Бақытжамал Бектұрғанованың айтуынша, АСИП Алматы мен Астана қалаларындағы кейбір сайлау учаскелерінде сайлау қортындысын «Ехіт Poll” жүйесі бойынша яғни сайлаушыдан кім үшін дауыс бергенін анонимді жағдайда сұрау арқылы сауалнама түрінде жүргізген. Бұл сауалнамаға Алматы қаласының 12 сайлау учаскесіне дауыстарын берген 16600 сайлаушы қамтылса ал Астана қаласы бойынша 8 сайлау учаскесіне дауыс берген 3937 сайлаушы қамтылған. АСИП президенті Бақытжамал Бектұрғанованың айтуынша Алматы және Астана қалаларындағы сайлау барысын бақылап, сайлау қортындысын алдын - ала шығару үшін 40 супервайзер-үйретуші және 180 интервьюрер- сұхбат алушы жұмылдырылған.

Кейбір сайлау учаскелерінде сайлау комиссиясы тарапынан АСИП адамдарына қарсы қарсылықтар болып, олардың жұмыстарына бөгет жасау фактілері орын алған.

АСИП тің Ехіт Poll” жүйесімен жүргізген қортындысы бойынша Алматы қаласында 4,6,18,29,33 сайлау учаскелерінде кім жеңгені анықталды ал 10,12,14,16,19,21,23 сайлау учаскелерінде қайтадан сайлау өтетін болады.
XS
SM
MD
LG