Accessibility links

Астық жинау науқанында жанармай бағасының қымбаттауы


Биылғы астық жинау науқанында жанармай бағасының қымбаттап кетуі диқандар мен ауыл тұрғындарын тығырыққа тіреді

Биылғы жазда әдеттегідей жанар-жағармай бағасы күрт қымбаттап кетті. Бұл тіпті жылдағыдан да асып түсті. Республикадағы екі мұнай өңдеу зауытындағы ымыраластықтың кесірі әсіресе қарапайым диқандарға, ауыл еңбеккерлеріне ауыр соққы болып тиді. Жанармай бағасының дәл осындай қажет кезінде шарықтап кетуі әдейі жасалған әрекет деген пікірлер айтылуда. Осыған орай жанармай бағасының нешізсіз қымбаттағанын айғақтайтын құжаттар да табылған.

Биылғы жанармай бағасының қымбаттауы диқандарға қалай әсер етті, енді осы мәселелге тоқталсақ. Алдымен таяуда Шығыс Қазақстан өңірінен оралған Асан Смағұл деген азаматың пікіріне құлақ түрелік.

- Қымбаттау деген негізінде біздің елде дертке айналған жағдай. Күнде байқатпай 50 тиын, 1 теңге қымбаттап жатады, оған адамдардың еті үйреніп кеткен. Ал мына қымбаттаудағы мәселе жанармайға тіреліп тұрған жоқ, негізінде оның түбінде үлкен саясат жатқандай. Айталық, адамдардың жағдайы жақсарып кетсе, онда жұрт бос уақыттарын саясатқа аудара бастайды. Сондықтан, қазақ ауылдарында тұратын адамдарды басып-жаншып, әлеуметтік жағдайын құлдыратып ұстаған үкіметке тиімді ме деп ойлаймын. Себебі, қарны аш, жағдайы жоқ адамның саясатта ісі болмайды, - дейді Асан Смағұл.

Биылғы жанармай бағасы қымбаттауының бір жағы жерді жекеменшікке беруде жатыр. Жерді жекешелендіріп алғандар одан шыққан өнімдердің бағасын біршама қымбатқа сатады. Қазірдің өзінде нан бағасы республика бойынша 4-5 теңгеге қымбаттады. Қымбаттау әлі де жалғаса береді. Асан Смағұл Зайсан ауданының Қарабұлақ , Боран шаруашылықтарында, Қатынқарағай өңірінде болған. Ол жақта ауа райы салқындай бастады. Ауыл адамдары еккен егінін бар жиған-тергенін салып, жанармай сатып алу арқылы жинап алуда. Ақша дер кезінде бөлінбегендіктен, елдің жағдайы нашар. Сондықтан диқандар астығын жинап алуы үшін жоғары процентпен несие алуға мәжбүр. Алған ақшасын қайтарарда бар астығын береді де, құралақан отырады. Осының бәрі алдын ала ұйымдастырылған әрекет дегенді айтады Асан Смағұл.

Жаз айларында жанармай бағасының қымбаттап кетуі бүкіл республика диқандарын тығырыққа тіреді. Солардың бірі Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданындағы фермер Зиядан Жаңаболат. Оның айтуынша бастапқыда жанармай болмай, шаруа қожалықтары егін салуды кеш бастаған. Ал қазір диқандар азды-көпті астығын қар астында қалдырмайық деп, қанша қымбат болса да барын салып, жанармай сатып алып, егінін жинап алуға кіріскен.

Сондай-ақ, Ақмола облысының Сандықтау өңірінде болған азамат Құрылыс Сүлейменнің айтуынша, науқан қызған кезде жанармайдың бағасы өсуі дағдыға айналған.

- Бұл ойлап қарасаң, ұйымдасқан түрде мемлекетке қарсы жасалған саботаж сияқты әсер береді. Ал осыған үкімет ешқандай шара қолданбай отыр. Себебі, жанармайдың өсуінде билікке ықпал ете алатын күштердің әсері болуы мүмкін, - дегенді айтады Құрылыс Сүлеймен.

Ал Қазақстан фермерлері қауымдастығының басшысы Әділхан Өмірбаев болса, Бағаны реттеу және монополияға қарсы агенттік мұнай өңдеуші зауыттырдың жұмысын түбегейлі тексеріп, жағдайды анықтауы керек дейді.
XS
SM
MD
LG