Accessibility links

НАТО ұйымына қаңтардың 1-інен бастап жаңа Бас хатшы келеді.

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Қаңтардың 1-нен бастап НАТО ұйымына жаңа Бас хатшы келеді. Оның есімі Йап де Хоуп Шефер.

Нидерландының сыртқы істер министрі қызметінде ол ылғи да НАТО біртұтастығы үшін күрескен болатын. НАТО –ға жаңа басшының тағайындалуы бұл ұйым тарихындағы күрделі кезеңге дәлме-дәл келіп отыр.

Тіптен бұл тұлға, яғни, Йап де Хоуп Шефер, НАТО-ға Бас хатшы болмай тұрып та бұл ұйымның 54 жылдық тарихында маңызды рөл атқара білді деп жазады радиомыздың талдаушысы Брефни Ороурк. НАТО-ның бүгінгі Бас хатшысы Джордж Робертсон биыл жыл аяғында өзінің 4 жылдық қызмет мерзімін аяқтамақ. Робертсон жаңа Бас хатшыға НАТО ұйымының өз ішінде Ирақ соғысына байланысты киліккен дағдарысын мұраға қалдырып отыр. Жаңа Бас хатшы Де Хоуп Шефер Вашингтон мен оның еуропалық одақтастары арасына түскен үлкен жарықшақты енді сылап-сипаумен айналыспақ. Бұ жәйлі талдаушы, Британияның Патшалық ортақ қызмет Институтының маманы Марк Джоис пікіріне жүгінелік:

"Ол, яғни жаңа Бас хатшы, американдықтармен француз, немістерді қайта татуластыру тәрізді одақ тарихындағы ең бір шешуші кезеңде тым күрделі жауапкершілікті қолға алғалы отыр."

Сонымен, Де Хоуп Шефер американдықтар мен еуропалықтар арасындағы бұзылған көпірді жөндеуші болғалы отыр. НАТО Бас хатшысы болмай тұрып та бұл саясаткер ҚШ-дың Ираққа қарсы соғысын қолдаған. Алайда, Нидерланды сыртқы істер министрі ретінде ол Ираққа қарсы солғыс ашқан ҚШ-ын қолдау жөніндегі ашық хатқа Испания, Италия және Еуропаның өзге де елдері қол қойған кезде ол Нидерланды атынан қол қоймады. Тағы да британдық талдаушы Джоис пікіріне жүгінелік:

"Ол НАТО –ның шығысқа қарай жылжуын дұрыс деп біледі. Ол НАТО-ның сырт аймақтарда да операциялар жүргізуін дұрыс деп біледі. Бұл екі ұстанымның екеуі де Вашингтонның бүгінгі таңдағы ұстанымына өте жақын."

Әсіресе, Ирақ соғысынан кейін Еуроодақтың НАТО-дан бөлек өз қорғаныс одағын құратыны анық болды. Сонда, бұ не? НАТО-ның бөлшектенуі ме? Бұндай сауалға жаңа Бас хатшы: " Ие, ЕО дағдарысты жағдайларды болдырмауға, оның алдын алуға әрине өз үлесін қосуға тиіс. Бірақ, НАТО-ның біртұтастығын бұзып әлсірету арқылы үлес қоспауы керек" деп біледі. Гаагадағы халықаралық қауіпсіздік жөніндегі Клингендал Институтының маманы Франз Осинга американдықтар мен еуропалықтар туралы:

- Сіз оларға бәскелестер деп қарамауыңыз керек. Еуропа мен Құрама Штаттар арасында әлі де ортақ мүдде көп, - дейді.

Сонымен, НАТО-ның жаңа Бас хатшысы араларына жік түскен Атлантиканың екі жағын қайта жақындастыра ала ма? Бұл сауалға талдаушы Осинга жауап береді:

"Робертсонмен салыстырғанда оның бір артықшылығы бар. Ол артықшылық - оның кіші ел азаматы екендігі, кіші елдер, ылғида үлкен елдерді татуластырып жүретін әдеті."

Британдық талдаушы Джоис:

-Меніңше, Де Хопе Шефер мырзаға кейбір еуропалық сыңаржақтарға өз көзқарасын түсіндіруге көп уақыт керек болар, - дейді.
XS
SM
MD
LG