Accessibility links

Арқалық қаласы қала мәртебесінен айырылып қалуы мүмкін.

  • Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

Қазақстан Үкіметі “Әкімшілік аумақтық құрылыс туралы заңға толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын Парламентке ұсынып отыр.


Осы заң жобасына сәйкес республикада кейбір қалалардың мәртебесі өзгеруі мүмкін. Соның ішінде Арқалық қаласын қала мәртебесінен айыру мәселесі де сөз болуда Арқалық қаласының тұрғындары Мемлекет басшысының,Үкімет басшысының және Парламент депутаттарының атына хат жазып, Арқалық қаласын қала мәртебесінен айрмауды өтінген.

Осы өңірден сайланған Парламент мәжілісінң депутаттары Ғалым Байназаров пен Рамазан Сәрпеков қыркүйектің 24-і күні болған мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысы Даниял Ахметовтың атына сауал жолдап, Арқалық қаласының 2000-нан астам тұрғыны қол қойған хат бойынша, Арқалық қаласының тағдыры жайында сөз қозғады.

Мәжіліс депутаты Ғалым Байназаров Арқалық өңірінің тұрғындарынан келіп түскен хатта былай делінген дейді.

“Облыс жабылып, қала халқы азайғанымен, қалада 49 мыңнан астам адам тұрады. Қазір Арқалық қаласы еңсесін көтеріп келеді. Соған байланысты қаладан елдің жаппай көшуі тоқталып, керісінше ауылды жерлерден қалаға көшіп келіп жатыр. Бұл процес одан әрі жалғаса бермек. Облыс жабылғанымен, Арқалық қаласы шалғайдағы Жангелдин, Аманеглді және Арқалық аудандарының экономикалық және мәдени -әлеуметтік орталығы ретінде ролін атқарып келеді”.

Сонымен қатар, бүгінде Ақалық қаласында Мәдени орталықтар жұмыс істеп жатыр, 10 орта мектеп және 2 гимназия, бір музыкалық мектеп бар.

Арқалық қаласында орналасқан медициналық мекемелер тек қала халқын ғана емес сонымен қатар шалғайдағы аудан, ауылды жерлердегі тұрғындарды да емдейді дейді депутат Ғалым Байназаров.

"Егер Арқалық қала статусынан айырылатын болса, онда қала халқы ғана емес, Торғай өңіріндегі жоғарыда аталған аудандар да зардап шегеді. Сондықтан да Торғай өңіріндегі қалың елдің атынан үзілді-кесілді қарсылық білдіреміз”.

Арқалық қаласының тұрғындары өздерінің бұл өтініш хатында “Егер Арқалық қаласы қала мәртебесінен айырылатын болса,онда наразылық шерулер өткізіп,алдағы жылда болатын парламенттік сайлауға қатысудан бас тартамыз,” - деп жазған

Мәжіліс депутаты Ғалым Байназаров Арқалық қаласының тұрғындары жазған хатты оқығаннан кейін, өз әріптестеріне “Әкімшілік аумақтық құрылыс туралы заңға толқытырулар енгізу туралы” заң жобасын қарамас бұрын осы мәселенің дұрыс шешімін тапсақ деген ұсыныс жасады.
XS
SM
MD
LG