Accessibility links

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Өзбекстан елшілігінің қазақ-өзбек шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдемесіне орай өткір сын айтты.


Кеше баспасөз мәслихатында Өзбекстанның қазақстандағы елшісі Тұрдықұл Бұтаяров осы мәселеге байланысты “Қазақ мерзімдік басылымдары жаңсақ хабарлар таратуда. Ал, кейбіреулер бұл оқиғаны саяси мақсатта бұрмалап қолдануда,-" деп айыптаған еді. Елші мегзеп отырған оқиға қыркүйектің 4-і күні орын алған болатын. Сол күні өзбек шекарашылары Қазақстанның бейбіт тұрғындарына қарай оқ атып, оның кесірінен бір адам жараланған еді. Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұл мәлімдемені Қазақстан мемлекетінің ішкі істеріне қол сұғу, демек халықаралық дипломатиялық тәжірибе қалыптарына сәйкес келмейтін, ешқандай жауапкершіліксіз жасалған мәлімдеме деп бағалады.
XS
SM
MD
LG