Accessibility links

Ресей, Франция, Германия басшылары БҰҰ-да бас қосуда.


Олар АҚШ елбасы Джордж Буштың Ирақтағы жағдайды қалпына келтіруге кең тұрғыдағы халықаралық күштердің қатысуына шақыруын талқыламақшы. Бұл үш елбасшысы да Ираққа қарсы соғысты қолдамағаны белгілі. Қауіпсіздік кеңесіне мүше осы үш елге де әлгіндей шақыртуына үн қосуға ресми Вашингтон қысым жасауда. БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан да, Франция елбасы Жак Ширак та БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында сөйлеген сөздерінде Ирақта қолданылғанындай, Буштың соғыс алдындағы қамдану принциптерін сынаған болатын. Мұндай саясат әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіреді деді Аннан мырза: - Мені алаң етіп отырған нәрсе, егер алдын-ала қамдану шаралары жекелеген мемлекеттер тарапынан қабылданар болса, мұның өзі заңдық тұрғыда мақұлданса да, мақұлданбаса да біржақты және заңсыз күш қолданулардың одан әрі өрістеуіне алып келетін болады, - деді Аннан мырза.
XS
SM
MD
LG