Accessibility links

Коррупцияға қарсы күреске байланысты бірнеше заң актілеріне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.


Бұл жөнінде қыркүйектің 25-сі күні "Казахстан тудей" ақпарат агенттігі хабарлап отыр. “Бұл жолы ең басты назар профилактикалық шараларға аударылды”-, дейді елбасы әкімшілігі басшысының орынбасары Игорь Рогов. Бұдан былай коррупцияға қарсы күрес заңы бойынша мемлекеттік қызметтегілер ғана емес, сондай-ақ ұлттық компания қызметкерлері де жауапқа алынатын болады. Сондай-ақ жала жабу, жалған ақпарат беру сияқты әрекеттер үшін де азаматтар жауапқа тартылатын болады дейді ол. Заң мәтіні алдағы уақытта баспасөз бетінде жарық көрмекші.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG