Accessibility links

Европа Парламентінде бүгін Европа комиссиясының төрағасы жауап беруде.


Оның себебі Евростатта орын алған алаяқ тірліктерге орай Европа комиссиясының төрағасы Романо Проди жабық есік жағдайындағы сауалнамаға жауап беруге мәжбүр болып отыр. Евростат дегеніңіз Европа одағының статистикалық агенттігі болып табылады. Алғашқы тексерулердің өзі миллиондаған евролардың тиісті мақсаттардан тыс, заңсыз есеп шоттарына жіберілгендігін анықтап отыр. Мұндай жемқорлық әрекеттер Евростат жанынан қос есеп шоттар ашу, жалған келісімшарттар түзу, лас мақсаттағы қорлар құру арқылы жүзеге асқан екен. Бұл жағдай ұйым басшылығын қолына алғалы бергі Проди мырзаның беделіне айрықша нұқсан келтіретін оқиға болып отыр дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG