Accessibility links

Ирақ Басқарушы Кеңесінің мақсаты


Ираққа тауелсіздікті тез қайтару керек деп Вашингтонға осы кезге дейін Франция мен Германия салмақ салып келген болса, енді Құрама Штаттарына салмақ салушылар қатарына Ирақтың Басқарушы кеңесі де қосылды. Ол Кеңесті Құрама Штаттардың өзі тағайындағаны белгілі.

Егер осыған дейін Ирақ тәуелсіздігін тез қалыпқа келтіру керек деп Вашингтонға Франция мен Германия салмақ салып келсе, енді салмақ салушылар қатарына Американың өзі тағайындаған Ирақтың Басқарушы кеңесі де қосылды деп жазады радиомыздың талдаушысы Валентинас Мите. 25 кісіден тұратын Басқарушы кеңес Ирақ тәуелсіздігін мейлінше тез арада қалыпқа келтіру керек деп отыр. Бұл деген сөз Басқарушы кеңес Америка жағымен кикілжің күйде деген сөз. Лондондағы экономика, саясат мектебінің ирақтық талдаушысы Яхия Саид пікіріне ден қоялық:

"Жұрт биліктің Басқарушы кеңеске өткенін қалайды. Егемен тәуелсіз Ирақты тезірек көргісі келеді."

Саидтың айтуынша, алайда, Ирақ тәуелсізідігін тез арада қалыпқа келтіру жөнінде Басқарушы кеңесте түрлі-түрлі пікір бар. Мысалы Ирақ ұлттық келісімі мен ұлттық Конгресі болса билік басында өздері қалу үшін тәуелсіздікке асығып отыр.

"Ирақ ұлттық келісім тобымен ұлттық Конгресі болса Ирақ тәуелсізідігі неғұрлым тезірек қалыпқа келсе билікке соғұрлым молырақ ие боламыз деп дәме етеді."

Ираққа тәуелсіздікті тезірек қайтару жөніндегі Басқарушы кеңестің ұстанымын осы Кеңес президенті Ахмад Чалаби осы аптада Нью-Йоркте БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында жария етті. Оның айтуынша Басқарушы кеңес Ирақтың қаржы, қауіпсіздік салаларына бақылау орнатуға тиіс. Чалабидің бұл мәлімдемесі Америка жағына ұнамады. Сәрсенбі күні ҚШ президенті Дж. Буш БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Ирақтағы билікті ирақтықтардың өзіне толық беру үдерісі тез арада жүзеге аспайтынын ескертті:

"Біздің коалицияның негізгі мақсаты тәртіп және демократиялық үдерістер арқылы Ирақ халқының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету. Бұл үдеріс кейбір партиялардың қалауымен тездетіп, не кешіктірілуі керек емес, бұл үдеріс Ирақ халқының қалауына сай іске асырылуы керек", - деді Буш.

Ал, дүйсенбі күні болса ҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауелл Ирақтың Басқарушы кеңесі Ирақты басқаруға әзірше дайын емес деді. Бұл саяси үдерісті аяқтау үшін кем дегенде бір жыл керек деді. Референдум арқылы қабылданатын Конституцияны жазып шығу керек, содан кейін сайлаулар өткізу керек деді ол. Лондондағы Экономикалық барлау бірлестігінің маманы Нейл Партрик Ирақтың Басқарушы кеңесінің ұстанымы бір жағынан ҚШ ұстанымымен, екінші жағынан Франция , Германия ұстанымы арасында жатыр дейді:

"Бір жағынан Басқарушы кеңестің көзқарасы Франция, Германия ұстанымы мен Америка ұстанымың ортасынан шыққандай".

Бейсенбі күні жарық көрген "Вашингтон Пост" газетінде аты-жөнін атамаған бір Ақ үйдің ресми тұлғасы ҚШ Ирақтағы билікті халық сайламаған 25 кісінің қолына тапсыруға әзірше дайын емес екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG