Accessibility links

Баспасөз шолуы


Мерзімді басылымдарда әлемдік және дәстүрлі діндердің бірінші съезі қорытындылары турасында және басқа да материалдар жарияланған.

«Түркістан» газетінің 39-санында «Діндердің діңі бір...» деген ортақ тақырып өзек етіп алынған.Е.Кәпқызы өзінің «Құдайға барар жол біреу» деген сараптамасында аталған шараның кірбің ұялатқан тұстарына тоқталады. Осы тақырыпты жалғастырған Б.Айтман «Миссионерлердің мысын кім басады?» деген мақаласында миссионерлік ағымның өрши түскенін айтады.

Ал «Экспресс К» газетінің 182-нөміріне тоқталсақ, мұнда да дін қайраткерлерінің басқосуынан репортаж берілген. Басылымның бірінші бетінде басылған «Отбасылық неке» атты мақала жетім балалардың шет ел асып кету мәселесіне арналған. 1999 жылдың қыркүйегі мен 2003 жылдың маусым айлары аралығында Алматы қаласы бойынша қазақстандықтарға 339 бала берілсе, шетелдіктер 586 баланы бауырына басқан.

Сондай-ақ, «Жас алаш» газетінің 115-санында өткен сайлаудың көлеңкелі тұстары турасындағы «Қайтыс болғандар да дауыс беруге шақырылды», Өзбекстан елшісінің өктем мәлімдемесі жайындағы «Елшінің екіұшты мәлімдемесі» және оралмандар проблемасын өзек еткен «Үкімет 50 мың оралманға жұмыс тауып бере ала ма?» деген мақалалары жарияланған.»Сонымен Каспий экологиясы қандай жағдайда?» деген мақаласында Ж.Әбділдә аталған мәселенің алаңдатарлық жағдайда екеніне тоқталады.
XS
SM
MD
LG