Accessibility links

Болгария президенті Қазақстан парламентінде болды

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қыркүйектің 26-ы күні Қазақстан Парламент Мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбай Қазақстанда ресми іс–сапармен жүрген Болгария Республикасының Президенті Георгий Пырвановпен кездесті.


Кездесу барысында Мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай Болгария Президенті Георгий Пырвановты Қазақстан парламентінің құрлымымен және заң шығармашылық жұмысымен таныстырды.

Тараптар екі жақты қарым-қатынастарды барлық деңгейде нығайтуға маңыз аударды.

Георгий Пырванов, парламентаралық қарым-қатынасты нығайтуда, Болгария парламентінде топ құрылғанын айтты. Сондай-ақ, ол 2004-шы жылы Еуропалық одаққа кіру жөніндегі келіссөздерді аяқтау, ал, 2007–шы жылға қарай Еуропалық одаққа мүше болу мәселесінің тұрғанын, қазірдің өзінде барлық құрлымдарда және шептерде болгария өкілдерінің барын айтты.

Парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселесі айрықша аталды. Бұл арада Болгария президенті экономикалық нарықта екі ел парламенттері алдында ортақ міндеттердің тұрғанын айтты.
XS
SM
MD
LG