Accessibility links

Елші Қазақстан Парламентінде болды


Қыркүйектің 26-ы күні Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тосио Цунодзаки Қазақстан Паламентінде болды.


Жапонияның Қазақстандағы төтенші және өкілетті елшісі Тосио Цунодзакидің Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының төрағасы Оралбай Әбдікәрімовпен болған кездесуінде екі жақты қарым-қатынастардың табысты дамып келе жатқандығы аталды.

Сенат төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, Қазақстанның мемлекеттік дамуында Жапонияның әрқашанда маңызды серіктесі болып отырғанын атап айтты. Алдағы уақытта да парламентаралық қарым-қатынастардың жемісті дамуына ілтипат білдірді.

Өз кезегінде Елші Тосио Цунодзаки Сенат төрағасы Оралбай Әбдікәрімовке жуырда Женева қаласында парламентаралық одақтың сьезі өтетінін, онда осы ұйымның атқарушы комитетінің мүшелері сайланатынын, оған Жапония парламентінің мүшесі Кабара мырзаның өз кандидатурасын ұсынғанынан және оған Қазақстан парламенті тарапынан қолдау жасалуын өтінді.

Елші Тосио Цунодзакидің айтуынша, Азия өңірінен бұл комитетке үш мүше сайланады. Әзірге бұл комитетке мүше болуға алты үміткер бар көрінеді.

Сенат төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, Елші Тосио Цунадзакидің өтініші Қазақстан парламентшілері тарапынан қолдау табатынына сендірді.

Осы күні Тосио Цунодзаки Парламент Мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбаймен де кездесті.
XS
SM
MD
LG