Accessibility links

Ирақта өткен түні миномет оғынан тағы да 8 кісі опат болды.


Бағдад. Ирақтағы ҚШ әскерінің мәлімдеуінше өткен түні 50 км Бағдад теріскейіндегі Бақуба қалашығының базар алаңында қопарылған миномет оғынан 8 ирақтық опат болған. 18 кісі жарақаттанған. Ирақта тек соңғы апта ішінде осындай миномет шабуылдары бірнеше рет орын алды. Өткен демалыс күні белгісіз біреу атып кеткен Ирақтың Басқарушы Кеңесінің мүшесі Ақила ал-Хашими ханым ауруханада кеше қайтыс болды. Осыған орай Басқарушы Кеңес кешеден бастап үш күндік аза тұту рәсімін жариялады.
XS
SM
MD
LG