Accessibility links

БҰҰ өзінің Ирақтағы операцияларын қысқарта бастады.


БҰҰ. Бүгін БҰҰ өзінің Ирақтағы операцияларын қауіпсіздік жағдайларына орай қысқартатынын мәлімдеді. БҰҰ-ның өкілі Фред Екхардтың айтуынша Кофи Аннанның бұл шешімі Ирақтағы штабты қайта жасақтау үшін жасалған уақытша шара. Өткен айда БҰҰ-ның Бағдадтағы штаб-пәтері бомбаланып ішінде БҰҰ-ның өкілі Сергио Виера Де Мелло да бар, 22 кісі опат болғанға шейін Ирақта БҰҰ-ның 600-дей қызметкері жұмыс істеп келген. Бүгінде солардың небары 86 қалған. Жақын күндері бұл 86 қызметкер де Ирақты тастап шықпақ. Ал, БҰҰ-да болса Ирақта бұл ұйымның рөлін күшейту туралы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесі: ҚШ, Ресей, Қытай, Британия Франция Кофи Аннанның қатысуымен келіссөздер өткізді. Бұ кездесуден кейін ҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауел:

"Менің ойымша біз конституция мен сайлауларға негізделген демократиялық саяси үдерістердің қажет екендігі жәйлі өзара түсіністікке келдік." деді. Ал, Ресей президенті Владимир Путин болса кеше БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде:

"Ирақты қалыпқа келтіруге тек БҰҰ-ның тікелей араласуы ғана Ирақ халқының өз болашағын өзі шешуіне мүмкіндік береді" деді

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG