Accessibility links

Түркияның сыртқы істер министрі Ирақта демократия құруға көмектесуге шақырған.


Түркияның сыртқы істер мин-рі Абдулла Гүл халықаралық қауымдастықты көршілес Ирақта демократияны құруға көмектесуге шақырып, онда тұрақтылықтың болуы осыған тікелей байланысты деп айтқан. БҰҰ-ның Бас ассамблеясында Гүл Қауіпсіздік кеңесіне маңыздысы - Ирақтың қайта құрылуы мен тұрақтылығы жолындағы мандат үшін бір келісімге келу деп атап көрсеткен. Алайда ол бұл процесте Түркияның қандай роль атқаратыны жөнінде нақты айтпаған. АҚШ тұрақтылық процесіне Түрік әскерлерінің де қатысуын сұраған болатын, бірақ ресми Анкара АҚШ бастаған Ирақтағы қимылдарға түрік елінің ішінде көзқарастың соншалықты оң еместігін ескеріп, оған әзірге жауап бере қойған жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG